Қорғаныс министрлігінің ғимаратында өрт болды

Қорғаныс министрлігінің ғимаратында өрт болды

ҚР Қорғаныс министрлігінің ғимаратында өрт болды. Бұл ақпаратты ҚР ТЖМ баспасөз хатшысы Руслан Иманқұлов растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайдың видеосы Ustanovka 98 telegram арнасында жарияланды.

Шақыру келіп түсті, қазіргі уақытта бөлімшелер оқиға орнында. Қазірдің өзінде өрт оқшауланып үлгерді, деді Руслан Иманқұлов. Сондай-ақ ғимараттағы бөлмеде кеңсе жиһазының өртенгенін, қызыл жалын 10 шаршы метр аумақты шарпығанын нақтылады.

ҚР ТЖМ баспасөз хатшысыының айтуынша, сағат 13:42-де өрт толықтай сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталу үстінде.