Қ.Сатыбалдыұлы ісі: асыл тастар елге қайтарылды

Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты тергеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы елге асыл тастар мен зергерлік бұйымдар қайтарылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заңсыз шығарылған капиталды іздеу және елге әкелу жұмыстары жалғасып жатыр.

Арман Тілеукенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

– Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде алыс шетелдерден фигуранттарға тиесілі құны 230 миллион АҚШ долларынан асатын, асыл тастар мен зергерлік бұйымдар елге әкелінді. Сонымен қатар Қайрат Сатыбалдыұлының шетелдік бағалы қағаздарға 300 миллион АҚШ долларын салғаны анықталды. Бұл қыруар қаржы жақын арада Қазақстан бюджетіне қайтарылады.