Шахтинскіде кеніштегі апаттан 4 шахтер қаза тапты

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында "АрселорМиттал Теміртау" шахталарының бірінде газ апаты болды.

Салдарынан 4 жұмысшы қаза тапты. Бір адамға іздеу салынды. Тағы төртеуі ауруханаға жатқызылды. Мұны Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов айтты. Сондай-ақ алдын ала ақпарат бойынша 106 қызметкер эвакуацияланды. Апатты тергеу жөніндегі комиссия құрылды. Енді тергеу нәтижелері бойынша оқиғаның себептері анықталады.