Шахтадағы жарылыстан зардап шеккен кеншілердің жағдайы қалыпты – Қарағанды облысы

Ленин шахтасындағы апаттан зардап шеккен екі кеншіге операция жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар бас сүйек-мидың ашық жарақатын алған. Одан бөлек, метан газына уланған. Абырой болғанда күрделі операция сәтті өтті. Қазір екеуі де жансақтау бөлімінде. Өкпені жасанды желдету аппаратынан ажыратылды. Ал қалған екі кенші таксикология бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, денсаулығы жақсарып келеді.

Еске салсақ, күні кеше Ленин шахтасында жарылыс болып, 5 адам мерт болған еді. Ал 4 адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Ғабит Махамбаев, нейрохирургия орталығының басшысы:

Екеуіне де операция жасалды кеше. Екі операция да жақсы өтті. Декомпрессиямен, сынған сүйектер мидан алынып, қанды тоқтатып, қазіргі күнге екі науқастың жағдайы қалыпты. Есін біледі. Бөлімшеге көшіретін жоспарымыз бар.