Астанада полицейлер көпірден секірген адамды құтқарды

Астанада полицейлер көпірден секірген адамды құтқарды

Астаналық полицейлер Сарыарқа даңғылы бойындағы көпірден секірген ер адамды құтқарды.

Таңғы 5 жарымда тастай суға сүңгіген тұрғынның не ойлағаны беймәлім. Оқиға орнына жеткен полиция капитаны Самат Сәбит суға батуға шақ қалған адамға жүзіп жетіп, жағаға алып шықты. Жедел медициналық көмек көрсетілген. Аман-есен.

Самат Сәбит, патрульдік полиция инспекторы:

- Көпірден суға секірген азамат уақытында құтқарылды. Құтқарылған азаматқа алғашқы көмек көрсетіліп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Қазіргі уақытта оның жағдайы қалыпты.