Риддерде тағы бір жылу қазандығы істен шықты

Риддердегі жылу орталығында жөндеу жұмыстары бітпей жатып, тағы бір ақау шықты.  

Қала әкімдігінің мәліметінше,  орталық жұмысы реттеліп,  түнде жылу температурасы 65 градусқа дейін көтерілген. Алайда түн ортасында №6 қазандық апатты жағдайда тоқтап қалған. Салдарынан пәтерлер қайтадан суытты. Қазір орта қысымдағы 3 қазандық жұмыс істеп тұр. Жылу температурасы 43-56 градус аралығында. Ал істен шыққан қазандық жөнделіп жатыр.  Естеріңізге салсақ, Риддер қаласындағы жылу электр орталығында апат болып, тұрғындар пәтерінде бүрсең қаққан еді. Облыс әкімі кәсіпорын басшыларын сынға алып, мекемені мемлекет балансына өткізу қажеттігін айтқан еді.