Петропавлда апат салдарынан 5 адам ауруханаға түсті

Петропавлда апат салдарынан 5 адам ауруханаға түсті

Петропавлда Ваз автокөлігі аялдаманы соқты, деп хабарлайды «Хабар 24».

23 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Салдарынан 5 адам ауруханаға түсті. Оның үшеуі – бала. 7 жастағы егіздер мен 12 жастағы жасөспірім қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Дәрігерлерлің айтуынша, олардың жарақаты ауыр. Ал апатқа кінәлі азамат тергеліп жатыр. Бір анығы, жүргізуші ішімдік ішпеген.