Алматы тұрғынынан 500-ге жуық киік мүйізі тәркіленді
Полиция қызметкерлері Алатау ауданындағы Заря Восток шағын ауданында арнайы іс-шара жүргізген, деп хабарлайды «Хабар 24».
42 жастағы күдіктінің үйін тінту кезінде қосалқы бөлмеден 462 дана ақбөкен мүйізі табылды. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 399-бабы бойынша тіркелді.