Өскемендегі май зауытының аумағына зиянды сұйықтық төгілді

Бұл туралы эко-белсенділер хабарлады. Табиғат жанашырлары түсіріп алған видео-материал, экология департаменті мен пркуратура органдарына жолданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиғадан соң жоспардан тыс тексеріс басталды. Алынған сынама бойынша зерттеулер жүргізіліп, қоршаған ортаға келтірілген шығын көлемі анықталады.

Айта кетейік, бұған дейін  май зауытына, Ертіс өзеніне лас су төккені үшін, айыппұл салынған еді. 

Сергей Усенко, ШҚО Экология департаментінің инспекторы:

- Кәріз желісі бітеліп қалған соң сұйықтық сыртқа төгіліп, учаскенің аумағын ластаған. Бұл – алдын ала мәлімет. Өткен жылы да канализациялық колектордың жұмысы істен шығып, зауыт аумағына тарап кеткен.