Ақтөбеде көлік апатына түскендердің жағдайы бір қалыпты

Ақтөбе облысында көлік апатына ұшырап, ауруханаға түскен жас спортшылардың жағдайын дәрігерлер жіті бақылауда ұстап отыр.

Бұған дейін жансақтау бөліміне жатқызылған 5 баланың үшеуі қазір палатаға ауыстырылған. Олардың денсаулығын мамандар орташа деңгейде дейді. Ал  екі жасөспірім жуық арада үйлеріне жіберілмек.

Айта кетейік, жас спортшылар мінген көлік өткен аптаның сенбі күні Темір ауданынан Ақтөбеге келе жатып жолда аударылған болатын. Салдарынан оқиға орнында 1 бала қаза тауып, сегізі ауруханаға түсті. Сондай-ақ, қасында болған бапкер де ауыр жарақаттанған. Бүгінде, дәрігерлер 2 баланың жағдайын қатаң бақылауда.

Ербол Жапахов, Ана мен баланы қорғау орталығының бас дәрігері:

- Екі бала жансақтау бөлінісінде ем қабылдап жатыр. бір бала медикоментозный ұйқыда жатыр. Балалар бақылауда. Бүкіл дәрі-дәрмек бәрі бар.