Қарағанды облысында 19 жүк вагоны рельстен шығып кетті

Қарабас станциясында 19 вагон рельстен шығып кетті.

Жүк пойызы «Қарағанды Ақадыр» бағытында кетіп бара жатқан. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Бидай тиеген бірінші вагонның доңғалағы кенет қатып қалып, кілт тоқтаған. Соның салдарынан төтенше жағдай болды. Қазір арнайы құрылған комиссия, апаттың себебін анықтап жатыр. Өзге поездардың қозғалысы тоқтаған жоқ. Екінші жолмен жүре береді. Еске салсақ, осыдан тура бір ай бұрын, дәл осы станцияда 14 вагон рельстен шығып кеткен еді.