Қостанай облысында шыршаны заңсыз кескен екі ер адам ұсталды

Оның бірі Меңдіқара, екіншісі Қостанай ауданының тұрғыны. Оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін, іс сот қарауына жіберілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы екі апта бұрын басталған «Шырша» жедел алдын алу іс-шарасы барысында, полиция қызметкерлері оннан астам құқық бұзушылықты анықтаған. Оның басым бөлігі қылқан жапырақты ағашты заңсыз саудалауға қатысты. Сондай-ақ тәртіп сақшылары пиротехника өткізетін орындарды бақылауға алды.

Бауыржан Қасымқан, Қостанай облыстық ПД баспасөз орталығының қызметкері:

- «Пиортехника» жедел профилактикалық іс-шарасы басталғаннан бері облыста пиротехникалық бұйымдарды заңсыз өткізудің 12 бұзушылығы анықталды. Пиротехника сатушылары «ҚР әкімшілік құық бұзушылық туралы» Кодекстің 196-шы  бабы, заңсыз сауда бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Баптың санкциясы 25 айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл салуды көздейді.