Екібастұзда коммуналдық апат болды

Жөндеу жұмыстары кезінде жылу электр орталығына арналған диаметрі 500 мм техникалық су құбыры зақымданған.

Салдарынан 70-тен астам үй мен бір дүкен жылусыз қалды. Осы сағатқа келіп түскен ақпарат бойынша, коммуналдық қызметкерлер жылу желісінің зақымданған бөлігін ауыстырды. Бірақ жөндеу жұмыстары жылу желісі толық қалпына келгенше жалғасады. Оған біршама уақыт керек, барлық процесс бақылау деп хабарлады коммуналдық қызмет өкілдері.