«АрселорМитталТеміртауда» жұмысшы тоқ кесірінен қаза тапты

Қарағанды облысындағы ірі металлургиялық комбинатта бір адамды ток соғып, қаза тапты.

Қайғылы оқиға "АрселорМиттал Теміртау"-ға қарасты цехтың бірін жөндеу кезінде болған. Марқұм комбинатқа қызмет көрсетуші серіктестікте жұмыс істеген. "Мартенстрой" Жауапкершілігі Шектеулі Серкітестің ақпараты бойынша ер адам токқа соғылған сәтте ес жимастан жан тапсырған. Ал осы сәтте қасында болған дәрігерлер марқұмның өмірін сақтап қала алмады. Аталған жайттың анығын енді арнайы комиссия тексеретін болады дейді облыстық еңбек инспекциясының өкілдері.