Алматыда қоймадан шыққан өрт оқшауланды

Алматыда қоймадан шыққан өрт оқшауланды. Соның өзіне 5 сағат уақыт жұмсалды.

Қызыл жалынды дер кезінде сөндіруге қойма орналасқан жердегі гидранттардың жұмыс істемеуі зардабын тигізді. Сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Бірақ  қойманың жанындағы нысандарға қауіп төніп тұрған жоқ.

Айта кетейік, қоймада құрылыс материалдары сақталған. Алдын ала болжам бойынша өрт электр желісінің қысқа тұйықталуынан болған.