Таразда құтқарушылар 1,5 сағат бойы қызыл жалынмен арпалысты

Тараздағы өрттен «Ақсай» базарының 1050 шаршы метрі жанып кетті.

Түскі сағат 13:30-те тұтанған жалынды өшіруге 96 өрт сөндіруші мен 18 техника жұмылдырылды. Құтқарушылар 1,5 сағат бойы қызыл жалынмен арпалысты. Қазір оқиға орнын қалдықтан тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. Ғимаратта киім-кешек, ойыншық пен мата, перде сататын сауда дүкендері орналасқан еді. Қазір тексеріс басталды. Ал жергілікті билік кәсіпкерлермен кездесіп, шығын көлемін есептеуге кірісті.

Ералы Нұрғалиұлы, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары:

- Сағат шамамен 14:29 да толық локализация бердік. Өртті өшірген уақытымыз 14:56 да. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі қазір анықталып жатыр. Өрттің шығу себебі, қазір енді бізде экспертиза тағайындалады. Сол экспертизадан соң ертең немесе арғы еүні дайын болады.