Арман Дүйсенов өмірден өтті

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, әнші-композитор Арман Дүйсенов 48 жасында өмірден өтті.

Ол күллі қазақтың жүрегінен орын алған әндер мен саундтректердің авторы. Тірісінде сан қырлылығымен көзге түскен Арман Дүйсеновті «Хабар» және «Еларна» көрермені тележүргізуші ретінде жақсы білетін. Ол жоғары дәрежелі конкурстарда топ жарған әншілерге бағыт берді. Өзі де еңбек жолын 1990 жылы Павлодар қаласында өткен 22-ші республикалық жас орындаушылар байқауынан кейін бастады. Марқұм өмірінің соңғы жылдарында «Қазақ әуендер» АҚ "Гүлдер" филиалының директоры қызметін атқарған.