Алматыда 2 автобус соқтығысып қалды

Алматыда 2 автобус соқтығысып қалды

Алматыда 2 автобус соқтығысып, 5 адам зардап шекті. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Жол апаты бүгін әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшесінің қиылысында таңғы 8 жарымда болған. 3 адам бас жарақаты, желке аймағының жұмсақ тіндерінің соғылуы диагнозымен Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына жеткізілген. Ал 2 адамды жедел жәрдем орталық ауруханаға апарған. 2 науқас дәрігерлердің тексеруінен соң амбулаториялық бақылауға жіберілген. Жол апатының неден болғаны әзірге белгісіз.