Қазақстандық мамандар Түркияда 7 адамды құтқарды

Қазақстандық құтқарушылар Түркияда іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар 7 адамды құтқарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Қайтыс болған 39 адамның, оның ішінде 2 баланың сүйегі астынан шығарылды. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Апаттар медицинасы орталығына күніне орта есеппен 35-тен астам адам жедел көмекке жүгінеді. Күн сайын жеке құрамның жылыту пунктін орта есеппен 40-50 адам келіп паналайды.