«Қазавиақұтқару» тікұшағы апатты жағдайда қонды

Батыс Қазақстан облысында «Қазавиақұтқару» тікұшағы апатты жағдайда қонды.

Мән-жайды Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов түсіндірді. Оқиға магистральді мұнай құбырын шолып қарау барысында болған. «Борт сақтандырылған. Әуе кемесі биылғы қаңтарда мерзімді техникалық қызмет көрсетуден өткен. Экипаж телефон арқылы байланысқа шықты. Борттағының барлығы дін аман. Оқиға орнына аттанған мамандар себебін анықтайды» деді Иманқұлов.