«Электрондық казино» ұйымдастырған Сарығаш ауданың екі тұрғыны ұсталды

«Электрондық казино» ұйымдастырған Сарығаш ауданың екі тұрғыны ұсталды.

Тексеру барысында бұл іске басқа да адамдардың қатысы бар екені анықталды. Күдіктілер бір ғана мекеменің заңсыз қызметінен ай сайын миллион теңгеден астам пайда тапқан. Тергеу амалдары кезінде техникалық құрылғылар, құжаттар және басқа да айғақтық заттар тәркіленді.  Жалпы облыста заңсыз ойндардың сегіз дерегі анықталған.

Марат Жандарбеков, облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы басшысының орынбасары:

- Қазіргі уақытта аталған жайттар бойынша ҚР ҚК-нің 307-бабымен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.