ТЖМ өкілі: өрт Өскемен жаққа жайылмайды. LIVE

Абай облысындағы өртке байланысты бас прокуратура қылмыстық іс қозғады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қылмыстық іспен арнайы прокурорлар айналысады. Кеше Президент осы қайғылы жағдайға кінәлінің бәрі жауапқа тартылатынын жеткізген.