ШҚО-да полицей адамды құтқарып қалды

ШҚО-да полицей адамды құтқарып қалды

Шығыс Қазақстан обысында полицей түтіндеген үйден ер адамды алып шықты.

Алтайлық тәртіп сақшысы Олжас Серікқанов отбасымен серуендеп жүргенде, көпқабатты үйдің терезесінен шыққан түтінді байқаған. Аға лейтенант ойланбастан әйнекке жақындап, ұйықтап қалған ер адамды көрген. Үй иесі пешке тамақ қойып, өзі ұйықтап қалған. Абырой болғанда, полицей шапшаң қимылдап, тұрғынды құтқарып қалды. Тәртіп сақшысының қырағылы тұтас үйді өрттен сақтап қалды. ШҚО полиция департаменті электр құрылғыларымен жұмыс істегенде сақ болуға шақырады.