Каспий теңізінде 3 адам құтқарылды

Ақтауда үрлемелі матрацпен Каспийге түскен 3 қыз құтқарылды.

Бүгін таңғы сағат 6 шамасында қазақстандық жүк кемесінің экипажы жағалаудан 22 шақырым қашықта, су бетінде қалқыған адамдарды көрген. Дереу көмекке ұмтылып, теңізден шығарып алады. Қыздардың жағдайы жақсы. Жақындарына тапсырылған. Осы жағдайдан соң жағада қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері тұрғындарды шомылуға тыйым салынған аумақта сақ болуға шақырып жатыр.

Рәтбек Демеуберген, ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы:

- Бұл хабарлама 24 шілде күні күздігі 14:00 шамасында келіп түсті. Куәгерлердің сөзінше, Ақтаудан 51 шақырым жерде үрмелі матрацпен жүзген 3 қыз жағалауға өз бетімен шыға алмаған. Ол жерге  тікұшақпен құтқарушылар және шекара катері шұғыл аттанды. Осы ауданда су көлігі бар мекемелерге хабарлама беріліді. Нәтижесінде, адамдар бүгін Сайын Шапағатов ауылы жақын маңнан табылды. Оларға психологиялық көмек көрсетілді.