«Қазақстан» шахтасындағы өрт әлі сөндірілген жоқ

Қарағанды облысына қарасты "Қазақстан" кен орнындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Жалынның одан бетер таралуын болдырмау үшін апатты учаске оқшауланады.

Қазір қажетті материал жеткізіліп жатыр. Содан кейін ғана барлық күш өртті сөндіруге жұмсалады.

Естеріңізде болса 17 тамыз күні 227 адам жұмыс істеп жатқан "Қазақстан" шахтасындағы Д-6 конвейрінде таспа отқа оранған. Онда жұмыс істеп жатқан 222 адам құтқарылып, 5 кенші қаза болды.

Өрт салдарынан әзірге апаттың неден басталғанын тексеру мүмкін болмай отыр.