«Қазақстан» шахтасындағы өрт неден шыққаны айтылды

Қарағанды облысына қарасты "Қазақстан" кен орнында болған өрттің себебі айтылды.

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың айтуынша, тілсіз жау алғашында тасымалдау лентасынан тұтанып, көмірге көшкен. Ол ұзақ жанғандықтан, оттегі азайып, айналаны түтін басқан.

Құтқарушыларға жоғары температурада жұмыс істеу қиын болып тұр. Дегенмен, өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жалынның одан бетер таралуын болдырмау үшін апатты учаске оқшауланады. Қазір қажетті материал жеткізіліп жатыр.

Естеріңізде болса 17 тамыз күні 227 адам жұмыс істеп жатқан "Қазақстан" шахтасындағы өрттен бес кенші қаза болды.