Шығыс Қазақстанда 7 тонна балықты заңсыз алып өтпек болған

Шығыс Қазақстанда 7 тонна балықты заңсыз алып өтпек болған тұрғын ұсталды.

Жол сақшылары күдіктіні Омбы-Майқапшағай трассында қола түсірді. Тінту барысында 31 жастағы азамат тізгіндеген Камаз көлігінен 280 қап көксерке табылды. Жас жігіттің айтуынша, ол қап-қап балықты Өскеменге жеткізбек болған. Алайда қолында ешбір рұқсат қағазы болмай шықты. Ол осы әрекетімен мемлекетке 50 млн теңге көлемінде шығын келтіріп отыр. Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тереу басталды.