Өскеменде колледждің он студенті астан ұшынып қалды

Өскемендегі көп салалы технологиялық колледждің 10 студенті асханадағы тамақтан уланды. 

Оқу орны уақытша жабылып, студенттер қашықтықтан оқыту форматына көшкен. Уланғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, олар үйде ем-дом қабылдап жатыр. Асханада эпидемиологиялық тексеру жұмыстары басталды. Тамақ қалдықтарынан 18 сынама алынды. Қорытындысы 3 тәуліктен соң белгілі болады. Қызметіне салғырт қараған бірнеше тұлға анықталды. Асхананы жеке кәсіпкер жалға алған екен.  

Гүлмира Қайратова, санитарлық эпидемиологиялық  бақылау департаментінің  баспасөз хатшысы:

- Бұл жағдай Өскемен көп салалы колледжінің 1-курс студенттері арасында тіркелген. Науқастардың бүгінгі жағдайы тұрақты, шағымдары жоқ, клиникалық белгілері қайталанған жоқ. Колледж асханасына жоспардан тыс тексеру ашылды. Студенттер мед.бақылауға алынды.