Ертіс кенішінде топырақ астында қалып қойған кеншінің жағдайы ауыр

Қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Темір басып қалған аяғының бұлшық етіне қатты зақым келген. Емдеу шараларына облыстың білікті дәрігерлері жұмылдырылды. Олардың айтуынша, науқас есін біледі. Айта кетейік, кеше Глубокое ауданындағы кеніште оқыс оқиға болып, екі жұмысшыны топырақ басып қалды. Бірі өз күшімен шыққан, екіншісі 7 сағаттай үйінді астында жатып қалды.

Айдос Күнияров, облыстық аурухананың травмолог дәрігері:

- Көбінесе мына екі аяғы қысылған,14 сағат бойы қысылу болған сол себепті қысылған кезде біраз аяқ бұлшықеттері зақымданған, сол себепті жалпы жағдайына бұл кері әсерін тигізуі мүмкін, сондықтан жағдайы ауыр боп саналады.