Биыл жол апатынан 1942 адам мерт болды

Биыл Қазақстанда 11 мың 618 жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2%-ке аз. Жарақат алғандар саны да 5,6%-ке кеміген. 2 мыңға жуық адам қара жолдағы апаттан мерт болды.

Оқиғалары саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Бұдан кейін тізімде Алматы, Жамбыл облыстары мен Астана қаласы орналасқан. Алғашқы бестікті Түркістан облысы түйіндейді. Ал Ішкі істер министрлігі келтірген кестенің соңғы сатысында Ұлытау облысы тұр. Мұнда 10 айда 43 жол апаты тіркелді.

Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

- Жол-көлік оқиғаларының басты себептері ол – жолдағы жүргізушілердің тәртібінің төмендігі. Яғни, бұл жерде ең басты себептері – автокөлікті белгіленген жылдамдықтан асырып басқару. Одан қалды, бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп кету, үлгеремін деп өтіп кету деген сөз – ең басты қауіпті қателік. Одан кейін автокөлікті басқарған кезде жолдың қарама-қарсы бағытына шығып кетіп, яғни басып озу, маневр жасау ережелерін, қағидаларын бұзған жағдайда осындай жол-көлік оқиғалары орын алып жатады.

2023 жылдың 10 айында республика бойынша 11 618 жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Алматы қаласы – 2  993;

Алматы облысы – 1 059;

Жамбыл облысы – 893;

Астана қаласы – 638;

Түркістан облысы – 636.