Алматыда өрттен 13 адам қаза тапты. LIVE

Бүгін  Алматыда  таңғы 6-лар шамасында 3 қабатты тұрғын үй отқа оранды.

Соның салдарынан 13 адам қаза тапты.

Жалпы, үйде 72 адам болған екен, оның 59-ы қауіпсіз жерге шығарылды.

Өрттің жалпы ауданы 30 шаршы метрді құрады. Қазір оқиға орнына Алматыдағы тілшіміз Гүлжан Көленқызы барды. Гүлжан, қайырлы күн, өрт неден болған? Оқиғаның мән-жайын айтып берсеңіз.