Кәсіпкер ₸605 млн салық төлеуден жалтарған

Орал қаласында жеке кәсіпкер 605 млн теңге салық төлеуден жалтарған.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 2019-2020 жылдары кәсіпкер мәліметтерді салық декларациясына негізсіз енгізіп, қызметтерді сатып алу сомасын көтеріп жіберген. Ол кінәсін мойындап, салық бойынша берешекті өз еркімен төлеуге келісім берді. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары тоқтатылды.