Өзбекстан азаматтары мінген автобус қар құрсауынан шығарылды

Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері қар құрсауында қалған өзбекстандықтарды құтқарды.

55 азамат мінген автобус ауа райының нашарлауына байланысты істен шыққан. Құтқарушылар 24 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Айта кетейік, полиция қызметкерлері 2 апта ішінде тас жолда 400-ден аса адам мен 109 көлікті қар құрсауынан шығарды.

Айта кетейік, ақтүтек боранға байланысты 7 облыстағы 25 жол учаскесінде қозғалыс шектелді. Полиция қызметкерлері тұрғындарды алыс сапарға шықпауға шақырды.