Терроризмді насихаттап, қаржыландырған діни радикалдар ұсталды

Фото: knb.kz

Еліміздің үш өңірінде терроризмді насихаттап, қаржыландырған діни радикалдар ұсталды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 20 және 24 қаңтарда прокуратура мен полиция жәрдемімен радикалды әрекеттердің жолын кесу бойынша операция өткізген. Нәтижесінде Астана, Шымкент қалаларында және Ақтөбе облысында 3 күдіктіні ұстап, қамауға алды. 256 және 258-бап бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды. Істің барлық мән-жайын анықтау үшін жедел және тергеу іс-шаралары жүргізілуде.