Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған адам ұсталды

Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін соққыға жыққан күдікті ұсталды.

Полиция оны 5 күн бойы іздеді. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл қылмысы  үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Еске сала кетейік, күдікті қызуы көтеріліп, ауырып жатқан балаға келген жедел жәрдем жүргізушісін жол бермедің деп, жұдырық жұмсап, жарақаттаған.

Әбіл Әбілдин, облыстық ПД бастығының орынбасары:

- Күдікті жедел іздестіру шаралары нәтижесінде облыстан 200 шақырым қашықтықтағы қыстақтың бірінен ұсталды. Қазір ол уақытша қамауға алынды. Қылмыстық істі тергеу департамент басшылығының назарында болады.