Астанада балаларға жұдырық жұмсаған азамат ұсталды

Астанада кішкентай балаларға қол жұмсаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды 24KZ.

Ол сол үйдің 30 жастағы тұрғыны екен. Оқиға кеше болған. Ер адам үйдің дәлізінде жас баланы беттен ұрған. Екіншісін тепкен. Одан әрі де тоқтамай тағы бір баланы тамақтан алып қылқындырған. Мұның бәрі бақылау камерасына жазылған. Қазір полиция оған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Гүлмира Шрахметова, Астана қаласы ПД ресми өкілі:

- Байқоңыр ауданының полиция басқармасы осы тұрғын үй кешенінің 30 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.