Алматыдағы лай көшкіні: бір адамның денесі табылды

Алматыда техногендік сипаттағы лай көшкінін тазарту жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Алдын ала ақпарат бойынша қаза тапқан ер адамның денесі табылды.

Естеріңізге сала кетсек, лай көшкіні бүгін түнгі сағат 2-ден өте Алматының Тау самалы ықшамауданында болды. Біздің тілшіміз Аршын Кемелжан оқиға орнында жүр.

Еркебұлан Оразалин, Медеу ауданының әкімі:

- Шынымен бізде ондай ақпарат бар. Екі бала біздің ауданда 48-ші мектепте оқыған болатын. 16 жастағы балалар. Мектеп директоры осында. Ол бүгін мектепке келмеді. Анасымен және әкесімен. Қазір бір адам табылды. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.