СҚО-да сегіз адам қар құрсауынан құтқарылды

СҚО-да сегіз адам қар құрсауынан құтқарылды

Солтүстік Қазақстан облысының құтқарушылары 8 адамды қар құрсауынан аман алып қалды.

Ақтүтек бораннан адасқанның үшеуі бала. Олар екі көлік болып, жолға шыққан көрінеді. Алайда қарға кептеліп, мамандардың көмегіне жүгінді. Жергілікті төтенше жағдай бөліміне таңғы 6-лар шамасында хабар жеткен. Оқиға орнына жеке құрам аттанып, жолаушыларды туыстарына дейін жеткізді. Абырой болғанда, жапа шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болмады. Ал сала мамандары тұрғындарды қолайсыз ауа райында сапарға шықпауға шақырады.