Семейде жанып жатқан пәтерден әйел адам құтқарылды

Семей қаласының өрт сөндірушісі 55 жастағы әйелді жанып жатқан пәтерден аман алып шықты.

Сондай-ақ өрт сөндіру техникасының баспалдақ маршы арқылы түтінді ғимараттан 20 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды. Көп қабатты тұрғын үйдің 8 қабатындағы пәтерден өрт шыққан еді. 5 шаршы метр алаңда жиһаз жанған. Өрт қазір толығымен сөндірілді.