Ақтөбенің іргесіндегі Садовое ауылын су басты. LIVE

Еріген қар мен жауыннан Қарғалы су қоймасы 98%-ке толды.

Сондықтан өзенге су жіберуге тура келді. Салдарынан өзен жағасындағы елді мекендер мен саяжайларға қауіп төнді. 

Мансұр Есхожин, тілші:

- Түннен бері 150-ге жуық адам эвакуацияланған. Олардың ішінде 25-і – балалар. Бұл тұрғындар – осы Садовое ауылы мен облыс орталығының Ақжар шағын ауданы халқы. Кешелі бері мұнда Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушылары мен полицейлер, жауынгерлер жұмыс істеп жатыр.

Садовой ауылында 200-ден астам үй бар. Олардың алтауын су басқан. Қарғалы өзені әлі де болса қауіпті деңгейде. Сондықтан қатердің беті қайтар емес. Жауын-шашын да жағдайды ушықтырып тұр. Бүгін Ырғыз ауданында да төтенше жағдай жарияланды. Себебін жаңалықтардың алдағы шығарылымдарында жеткіземіз. Осымен жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай облыс орталығымен қатар 7 ауданда жарияланып отыр.