Коммерциялық құпия. Жаңажылдық кешті көңілді өткізудің құпиясы неде?

www.queqiaoba.com

1 жыл ішінде бұл бағдарлама сіздерге сәтті жүзеге асқан 60 жобаны таныстырды.

30 отандық кәсіпкер өздерінің сәттілік құпияларымен бөлісті. Шетелден келген 20-ға жуық маман Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін бағалап, кәсіпкерлік ортаның қалыптасуын саралады.

Бүгінгі шығарылымда біз сіздерге бизнесін дөңгелетіп отырған кезекті кәсіпкерді таныстырмақпыз. Жаңа жыл қарсаңында кәсіби өнер студиясының директоры Жанна Әубәкірова мерекені көңілді ұйымдастырудың құпиясымен бөліспек.