Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы Белшер ауылын су басты. 120-дан астам тұрғын мен еріктілер Қорғаныс министрлігі бөлген тікұшақтармен жедел Ырғыз ауданының орталығына көшірілді. Жергілікті билік зардап шеккендер уақытша орналастыру пункттеріне жеткізілгенін мәлімдеді.