Неміс сарапшылары «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасы туралы пікірлерін білдірді - Қазақстан жаңалықтары, соңғы жаңалықтар, фото, онлайн, видео, 24 KZ

KZ  RU  

              

KASE

USD/KZT
335.84
EUR/KZT
375.25
РУБ/KZT
5.11

Неміс сарапшылары «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасы туралы пікірлерін білдірді

Қазақстан Президентінің «Нұр Отан» партиясының XVII съезінде сөйлеген сөзі ғаламдық және ішкі сын-тегеуріндерге сындарлы жауап.

Германиялық саясаттанушы Маттиас Дорнфельдт осындай пікір білдірді. Оның айтуынша, сайлауалды бағдарламасының маңызды тармақтары ретінде қазақ елінің транзитті-транспорттық әлеуетін дамыту, сондай-ақ қаржылық ахуалды жақсартуды атауға болады. Бұл шетелдік инвесторларды тартуда оңтайлы бағыт.

Маттиас Дорнфельдт, саясаттанушы (Германия):

- Қазақстан басшысы айтқан сөздер Қазақстан халқы үшін ғана емес, сонымен қатар неміс бизнесмендері үшін де маңызды болды деп ойлаймын. Нұрсұлтан Назарбаев ел дамуының 5 бағытын айқындап берді. Экономика, ауыл шаруашылығы, білім беру салаларында жүргізіліп жатқан реформалар міндетті түрде жемісін береді дегенге сенімдімін. Сонымен қатар Қазақстан Орталық Азия аймағындағы басқа елдермен салыстырғанда тұрақтылық пен бірліктің жарқын үлгісі екенін баса айтқым келеді. Бұл инвесторлар үшін маңызды фактор.

 Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Бейне

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Құрметті оқырман! Сайт редакциясы материалға пікір жазу барысында дөрекі, өзге тұлғаның ар-намысына тиетін, ұлтаралық, дінаралық алауыздық тудыратын сөздерді қолданбауыңызды сұрайды. Мақаланың мәнмәтініне сай келмейтін хабарлама немесе пікір сайтта жарияланбайды.

Соңғы жаңалықтар

Көп оқылғандар

  1. бүгін
  2. бір аптада
  3. бір айда

ТОП БЕЙНЕ

Фоторепортаж

                                                                                                                          



 

   Яндекс.Метрика

«24 KZ» - тәулік бойы ақпарат тарататын арна. Сайттан алынған материалдарға міндетті түрде гиперсілтеме берілуі керек. www.24.kz

Design by TV Channel «24 KZ» 2015