USD 338.78

EUR 388.90

РУБ 5.38

Ю.Мавашев: Женева келіссөзіне қарағанда Астанаға деген сенім басым

Ю.Мавашев: Женева келіссөзіне қарағанда Астанаға деген сенім басым

Таяу Шығыстағы жағдайды реттеуде Астана процесінің алтыншы раундына үлкен үміт артылып отыр. «Бұл Сирия мәселесі бойынша шешуші кездесу болады», – дейді сарапшылар.

Еске сала кетейік, енді бірер күнде елорда кепіл елдердің өкілдерін қабылдайды. Ара ағайындық танытқан Қазақстанның рөлін сарапшылар жоғары бағалап отыр.

Юрий Мавашев, Қазіргі заманғы Түркияны зерттеу орталығының эксперті:

– Женева келіссөзіне қарағанда Астанаға деген сенім басым. Бұл шешуші кездесу болмақ. Сириядағы соғыс аяқталуға таяу. Астанада аймақтағы елдердің талап-тілектері ескеріледі. Қазақстанның рөлі арта түскені өз алдына, алдағы кезде Сириядан басқа да ұлтаралық қақтығыстарды реттеуге оң әсер етуі кәдік. Қазақстан Сириямен шекаралас жатпаса да, Таяу Шығыстағы қақтығыстарды реттеуге атсалысып келеді. Бұл келіссөзге қатысып жатқан тараптардың есінде қалары хақ.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде