USD 340.95 EUR 404.90 РУБ 5.90

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Елбасы IT-жобалар көрмесін аралады

  • 77
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Елбасы IT-жобалар көрмесін аралады

Мемлекет басшысы арнайы әзірленген көрмені аралады. Онда 30-дан аса ІТ-жоба қойылған. Елбасы цифрландыру кәсіпорындар мен жалпы еліміздің бәсекеге қабілеттігін, сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін қажет деді.

Нұрсұлтан Назарбаев белгіленген міндеттерді шешіп, ғылыми зерттеулер мен ізденістерді ынталандыру үшін нормативтік құқықтық базаны жетілдіруді тапсырды. Бағдарламаны жүзеге асыру арқылы елімізде 2021 жылға қарай интернет желісін пайдаланушылар қатары 81 пайызға өседі. Ақпараттық коммуникациялар технологиясында өнімділік көлемі шамамен 6 пайызға артады. Ал электронды форматта мемлекеттік қызмет түрлерін пайдалану 80 пайызға жетеді, деді мамандар. Бұған қоса Мемлекет басшысы болашақтағы жаһандық сын-тегеуріндер мен технологиялық трендтерді зерттеу қажеттігін атап өтті. Бүгін айтылған мәселелердің барлығы еліміздің Үшінші жаңғыруы аясындағы маңызды міндеттер саналады. Үкімет оларды мемлекеттік бағдарламада ескеруі қажет. «Цифрлы Қазақстан» атты көрмені аралап, халыққа қызмет көрсету саласындағы электрондық жүйелердің мүмкіндіктерімен танысқан Мемлекет басшысы осылай деді. Президенттің назарына сондай-ақ мемлекеттік органдар мен банк секторындағы электрондық қызметтерді жеңілдететін технолгиялар ұсынылды. Алыс аудандарды жылдам интернетпен қамту картасы таныстырылды. Сондай-ақ көрме барысында Елбасы IT-саласында еңбек ететін жастармен кездесті. Олар алдағы 5 жыл ішінде 10 мың программист дайындап, бағдарламалық қосымшалар арқылы ел экономикасына 1 млрд доллар түсім түсіру көзделіп отырғанын жеткізді. Ал Президент инновациялық технологияларды көптеп енгізіп, еңбек өнімділігін арттыруға назар аударды.

Арман Сүлейменов, мобильдік қосымшалар жасайтын компанияның басшысы:  

- Біз бағдарламаларды қамтамасыз ету жобаларын экспорттаймыз. Біздің команда 10 программист маманнан құралған. Біздің барлығымыз «Болашақ» бағдарламасы арқылы Америкада білім алғанбыз. 2 жыл ішінде 300-ден аса программисті дайындап шығардық. Қазір олар жетекші Америкалық компанияларда жұмыс істейді. Біз соңғы 2 жылда мемлекеттік органдар мен компаниялар үшін 230 -дан аса бағдарламалық қосымшаларды жасап шығардық. Бірақ біздің негізгі мақсатымыз – заманауи ай-ти нарығы үшін сапалы кадр дайындау. Егер бізде ғимарат пен 2 мың компьютер және программистер кішігірім жатақханамен қамтамасыз етіліп, оларға шәкіртақы берілсе онда әр 3 ай сайын жаңа өнімдерді жасап шығарамыз.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Вот возможности вам дали. Что для этого нужно, все условия надо создать. Если общежитие нужно, средства нужны для этого, оснастить оборудованием и собрать всех умных, чтобы они работали. Я вас учил за границей всех, подготовленные люди есть. Наша задача – создать все условия, чтобы они здесь работали. Наша задача – сделать скачок. То есть когда паровую машину в Англии создали, текстиль создавали рукой, а производительность после этого поднялась на тысячу процентов. Вот это новации, это называется абсолютные новации. Нам сейчас это надо. Это ваша задача, это ваша жизнь в 21 веке. Вот я это создаю.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top