USD 330.25 EUR 392.65 РУБ 5.58

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Ресей елімізге цифрландыру мәселесінде ынтымақтастықты ұсынды

  • 131
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Ресей елімізге цифрландыру мәселесінде ынтымақтастықты ұсынды

Цифрлық өзгерістер жүргізу саласында Қазақстан мен Ресей өзара ынтымақтастықты арттыра түсуі тиіс. Әсіресе зерттеу жұмыстары мен тың жобаларды жүзеге асыруға баса мән беруі керек. Мұндай мәлімдемені Цифрландыру мәселелері жөніндегі республикалық кеңесте Ресейдің байланыс және коммуникациялар министрі Николай Никифоров жасады. Айтуынша, экономиканы сандық жүйеге көшіру үшін бүгіннен бастап нақты қадамдар жасалуы тиіс.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі: 

- Әрбір мемлекеттік органның өзіндік цифрлық бағдарламасы, саясаты бар. «Самұрық-Қазына» қорынан бастап, ҚР Бас прокуратурасына дейін қажетті жоспарды қарастырып отыр. Әр салада цифрландыру жүргізіледі, себебі қаржы мен адамның уақытын үнемдейтін тиімділігін арттырады.  Сондықтан жалпы Үкімет болып, бұл бағдарламаға көңіл бөлеміз деген ойдамын.

Николай Никифоров, РФ байланыс және коммуникация министрі:

- Біздің елдеріміздің аумағы үлкен. Сондықтан халық сирек қоныстанған елді мекендер бар. Ол аймақтарды заманауи байланыс жүйесіне қосу үшін қыруар қаржы кетеді. Әрине адамдарды да соған бейімдеу керек. Ол үшін мектептер мен жоғарғы оқу орындарындағы білім беру жүйесін өзгертуге тиіспіз.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top