USD 345,68

EUR 401,20

РУБ 5.46

Мәжіліс депутаты елімізде криптовалюта айналымын заңмен реттеуді ұсынды

Мәжіліс депутаты елімізде криптовалюта айналымын заңмен реттеуді ұсынды

Қазақстандағы криптовалюта айналымын заңмен реттеу керек. Әйтпесе ертең ол көпшілікті тақырға отырғызуы мүмкін. Аманжан Жамалов осындай депуттатық сауал жасап, Ұлттық банктен мәселені тездетіп шешуді сұрады.

Өйткені қазір елімізде криптовалюта биржасы құрылып жатыр. Тіпті биткойндарды сататын автоматтар да орнатыла бастаған. Алайда аталған қызмет ешқандай заңмен реттелмейді. Осы тұрғыда депутат шетелдік тәжірибені негізге алды.

Мәселен, Жапония бүгінде криптовалютаны ресми төлем құралы ретінде таныды. Оңтүстік Корея биткойнмен xалықаралық аударымдарды заңмен бекітіп арнайы биржа  ашуды көздейді. Ресей болса, келесі жылда биткойн саудасын заңдастыруды жоспарлап отыр.

Аманжан Жамалов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

- Халық пен бизнес биткойндар саудасымен айналысса, үлкен қауіп туады. Себебі криптовалютаның өзі ешқандай материалдық құндылыққа негізделмеген. Оны бірыңғай бақылау тетігі де жоқ. Сондықтан мәселені заңмен реттеп алу керек.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде