USD 330.32 EUR 388.07 РУБ 5.6

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


В.Матузов: Қазақстан технологиялық, ғылыми әлеуетке ие

  • 97
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
В.Матузов: Қазақстан технологиялық, ғылыми әлеуетке ие Muslim.kz

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Үлкен жиырмалық» секілді ислам елдерінің бірлестігін құру жөніндегі идеясына сарапшылар жоғары баға беріп отыр. Айта кетейік, алғаш рет Астанада өткен ғылым мен технология жөніндегі Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының бірінші саммитінде Елбасы осындай бастама көтерген еді.

Ресейлік сарапшының сөзіне сенсек, ислам әлемінде ғылым мен экономиканы дамытуға негізделген жаңа құрылым жасақталар болса, онда ол Қазақстанның да рөлін арттыра түседі.

Вячеслав Матузов, Араб елдерімен достық және іскерлік байланыс қоғамының президенті:

– Бұл идеяға терең мән берген жөн. Ислам елдерінде қаржы ресурстары жеткілікті. Біріккен Араб Әмірліктерінің өзін алып қарасақ, инвестициялық әлеуеті 1 трлн АҚШ долларына тең екен. Бұл бүкіл әлем бойынша көш бастап тұр деген сөз. Астанадағы бұл кездесу үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Ал Қазақстан технологиялық, ғылыми потенциалға ие. Ендеше ислам елдері дамуының локомотивіне айналуы мүмкін.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top