USD 327.42

EUR 383.90

РУБ 5.31

Қ.Тоқаев Парламент Сенатының төрағасы болып қайта сайланды

  • 187
Қ.Тоқаев Парламент Сенатының төрағасы болып қайта сайланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының төрағасы болып қайта сайланды. Елбасы ұсынған кандидатураны депутаттар жасырын дауыс беру арқылы бірауыздан қолдады.

Пленарлық отырыста сондай-ақ сенат спикерінің орынбасары болып, Бектас Бекназаров қайта тағайындалды. Ал жоғары палата депутаты Дархан Қалетаев Парламент Сенатының тұрақты комитеті құрамында қалды. Ол халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде жұмысын жалғастыра бермек.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

– Құрметті әріптестер, Президенттің ұсынысын қолдап, маған сенім білдіргендеріңіз үшін баршаңызға көп рахмет. Елбасыға маған зор сенім артқаны үшін шынайы алғысымды білдіремін. Енді бірге жұмыс істейтін болдық. Біздің негізгі міндетіміз – Елбасының экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету.

Ал 2013-жылдан бері Сенат депутаты қызметін атқарып келген Ләззат Қиынов Жоғарғы Палатаның Құрмет грамотасымен марапатталып, Елбасының Жарлығымен жұмысын тәмамдады.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде