USD 330.25 EUR 392.65 РУБ 5.58

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Астана процесінде Сириядағы деэскалация аймақтарын құру мәселесі толық шешімін табады

  • 160
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Астана процесінде Сириядағы деэскалация аймақтарын құру мәселесі толық шешімін табады

Екі күнге жалғасатын Астана процесінің алтыншы кезеңінде Сириядағы деэскалация аймақтарын құру мәселесі толық шешімін табады.

Бұл туралы бүгін Ресей Президентінің Таяу Шығыс еліндегі жағдайды реттеу бойынша арнайы өкілі Александар Лаврентьев мәлімдеді. Дипломаттың сөзіне сүйенсек, мүдделі тараптар арасында келелі келіссөз жүріп жатыр. Яғни Сирияны қауіпсіз төрт аймаққа бөлу жайы жан-жақты талқылану үстінде. Айта кетейік, басқосулар ертең де жалғасып, Идлиб атты қалаға тұрақтылық орнату мәселесіне нүкте қойылады деп күтіліп отыр.

Естеріңізде болса, бұған дейін өткен Астана процесінің 5 бірдей кезеңі арқылы Сириядағы 3 деэскалация аймағын құру жөнінде мәміле күшіне енген болатын. Алдымен шекара жайы нақтыланып, кейін кепілгер мемлекеттер тарапынан тиісті көмек жіберілді. Енді ондағы төртінші аймақта, яғни Идлиб қаласына тыныштық орнату бастамасы ертеңгі күн тәртібіне шығарылды. 

Александр Лаврентьев, РФ Президентінің сириялық реттеу жөніндегі арнайы өкілі: 

- Біз ертең 4 қауіпсіз аймақты құру жөніндегі декларацияға енген бірқатар құжатқа қол қоюды жоспарлап отырмыз. Сол арқылы бұл мәселе толық шешімін таппақ. Бірақ Астана процесі өз жалғасын таба береді. Себебі Сириядағы жағдайды реттеуге бағытталған басқа да маңызды міндеттер бар.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top